Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында талапкер И.С.-ның жауапкер Б.М.-ке баласы үш жасқа толғанша жұбайын асырап-бағуға алимент өндіру туралы талап арызымен қозғалған істі қарау барысында, жауапкер Б.М. баласы үш жасқа толғанға дейін жұбайын асырап бағуға ай сайын 10000 теңге төлеуге міндеттенуіне байланысты,  тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге ниет білдірді.

Сот ұйғарыммен аталған  келісімді бекітіп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі