Архив событий

15/06/2016

Билік өкілінің заңды талабына бағынбаған

15/06/2016

Сайрам аудандық сотында билік өкілін өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде және де атқаруына байланысты жария түрде қорлау, билік өкіліне бағынбау фактісі бойынша қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталушы И.-ге қатысты іс қаралды.

Сот қызметкерлеріне арналған семинар өтті

15/06/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық сотында сот қызметкерлеріне арналған «Сот қызметкерлерінің әдебі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы, кеңсе меңгерушісі, сот отырысының хатшылары және мамандары қатысты.

Жол қозғалысы оқиғасын жасаған

15/06/2016

Құқық  бұзушы  Н.А. өзінің маркасы  «Ауди-100» автокөлігін Мақтаарал ауданы Ш.Ділдабеков ауылдық округіне қарасты Сырабад елді мекенінің тұсында басқарып келе жатып, ҚР жол қозғалысы қағидаларын бұза отырып, қарсы бағытта өз жолымен қозғалып келе жатқан С.К.-нің басқаруындағы маркасы «Мерседес-Бенс» автокөлігімен соқтығысып, соңғыға материалдық зиян келтірген.

Дау медиация тәртібімен реттелді

15/06/2016

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында талапкер Ж.Б.-ның жауапкер М.К.-ге баласы үш жасқа толғанша жұбайын асырап-бағуға алимент өндіру туралы талап арызымен қозғалған іс қаралды.

Сотты құрметтемеушілік танытқан

15/06/2016

Арыс аудандық сотында азамат Д.Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Д.Е. азаматтық іс бойынша жауапкер ретінде сотқа шақыру қағазын ала тұра, сот мәжілісіне дәлелді себептерсіз келмей Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.

Есірткі затын қоғамдық орныда пайдаланған

15/06/2016

ОҚО Шымкент қаласы Абай аудандық соты азамат С.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігімен қозғалған  қылмыстық істі қарады. 

Істің мән-жайын сәйкес, сотталушы С. жерден қолданылмаған темекіні тауып алған. Ол темекіні қолына алып, анықтап қарап, иіскеп, оның есірткі заты - марихуана екенін білген.

Сот арадағы некені сақтап қалды

15/06/2016

Азаматша С.П. Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотына берген талап арызында жауапкер Д.И.-мен араларындағы 15.01.2014 жылы тіркелген некені бұзуды сұраған.