Пара алғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен О.С. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен жеке мүлкін тәркілей отырып, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырып, параның 50 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 2 000 000 теңге айыппұл жазасы тағайындалған.

Сотталушы О.С. аудандық медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы бола тұра, 06.04.2016 жылы  азамат М.П.-ны 3-топтағы мүгедектікке шығару үшін, Г.Б.-дан жасаған заңсыз әрекеті үшін 40 000 теңге көлемінде ақша талап еткен.

О.С. 08.04.2016 жылы сағат 12:00 шамасында Г.Б.-дан 40 000 теңгені пара ретінде алып жатып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне ұсталған.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі