Тараптардың татуласуына байланысты Некені бұзу туралы талап арыз қараусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ОҚО Шымкент қаласы Абай аудандық сотының ұйғарымымен талапкер К.А.-ның  жауапкер К.М.-ге қатысты  заңды некені бұзу туралы талап арыз талапкердің арызы негізінде қараусыз қалдырылды.

Сот отырысында істі қарау барысында, ерлі-зайыптыларға татуласу үшін екі ай көлемінде мерзім тағайындалған. Алайда, аталған мерзім біткенге дейін талапкер сотқа арыз түсіріп, онда жауапкермен татуласуына байланысты өзінің талап арызын қараусыз қалдыруды сұранды.        

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі