Әкімшілік іс медиация тәртібімен татуласумен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кентау қалалық сотының 28.06.2016 жылғы қаулысымен құқықбұзушы Я.С.   Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды.

Іс-материалдары бойынша 25.06.2016 жылы сағат 10:30 шамасында   құқық бұзушы Я.С. өзінің заңды некедегі жұбайы Г.А.-ға сыйламаушылық білдіріп, былапыт сөздермен балағаттап, ар-намысына тиген, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамға сыйламаушылық білдірген.

Кентау қалалық сотының 28.06.2016 жылғы қаулысымен әкімшілік іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты тоқтатылды.

Осыған байланысты сот аталған әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді тоқтату жайлы қаулы шығарды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі