Сот партисипативтік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кентау қалалық сотының 05.07.2016 жылғы ұйғарымымен талап қоюшы А.Е. жауапкерлер Г.Ш.-ға пәтерден еріксіз түрде шығару мен адвокат қызметіне төленген 25 000 теңгені өндіру туралы азаматтық іс тараптардың дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасауларына байланысты тоқтатылды.

Партисипативтік келісім бойынша жауапкер Г.Ш. 06.09.2016 жылға дейін 630 000 теңгені алғаннан кейін пәтерді талапкердің атына аударып беруге міндеттеме алды, ал талап қоюшылар А.Е. өз талаптарынан бас тартты.

Осыған байланысты сот аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату және төленген 1060 теңге мемлекеттік баж салығын талапкерге қайтару жайлы ұйғарым шығарды.

 

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі