Тұрғын үйден уақытша тұрғындар басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылып, тұрғын үй иесiнің оған билiк ету құқығы қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер О.Д.-ның жауапкер О.Б.-ға, мүдделі жақ Банкке тұрғын үйден шығару туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, талапкер О.Д. Шымкент қаласы, Д.Нұрпейсова көшесінде орналасқан үйлердің біріндегі пәтердің меншік иесі болып табылады. Бұл іс құжаттарына тіркелген 28.06.2007 жылғы №14167 сатып алу-сату шартымен, Әділет департаментінің меншік иесі туралы мәліметтерімен қуатталады. Демек пәтердің меншік иесі ретінде талапкер оны өз қалауынша иеленуге, пайдалануға және билік етуге, сонымен қатар, уақытша тұрғындардың пәтерден шығуын талап етуге құқылы.

Алайда қазіргі таңда талапкер О.Д. меншік иесі ретінде, заңда көрсетілген құқықтарын пайдалана алмай отыр, себебі пәтерді жауапкер О.Б. пайдаланып, өз еркімен босатудан бас тартуда.

Соттың шешімімен жауапкер О.Б. аталған пәтерден басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылып, талапкердің пәтерге билiк ету құқығы қалпына келтірілді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі