Архив событий

05/01/2015

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының құрамы жаңа тағайындалған судьямен толықты

05/01/2015
Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №983 Жарлығына сай Тиметов Мырзахан Жорақұлы Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.
2015 жылдың 05 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Пірнияз Зиядихан Абдибайулы жаңадан тағайындалған судьяны жұмыс ұжымымен таныстырды.

 

Аудандық сотқа жаңадан төраға тағайындалды

05/01/2015

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №983 Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық сотының төрағасы қызметіне жаңадан тағайындалған Берік Еркінбайұлы Тыныбековты сот ұжымына таныстырды.

Жаңа судья тағайындалды

05/01/2015

     05 қаңтар 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.Балкен Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотына жаңадан тағайындалған судьяны ұжымға таныстырды. Жаңа судьяны Оспанов  Еркин Уксукбаевичті құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

ОҚО соттарында 710 азаматтық іс сот медиациясы тәртібімен аяқталды

05/01/2015

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген, азаматтық сот өндірісіне судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдерді (сот медиациясын) енгізудің пилоттық жобасын іске асыру мақсатында 2014 жылдың мамыр – желтоқсан айларында Оңтүстік Қазақстан облысы соттарында 710 азаматтық іс қаралды.