Архив событий

22/01/2015

Жол бермеуінің салдарынан жол-көлік оқиғасын жасады

22/01/2015

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 21.01.2015 жылғы  қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны К.Ш. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 468-бабының 2-бөлігімен  кінәлі деп танылып, он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде, барлығы  27780 теңге әкімшілік айыппұл төлеп, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Ортақ пайдалану орнын ластау

22/01/2015

 

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 19.01.2015 жылғы  қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Т.А.. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, он айлық есептік көрсеткіш көлемінде, барлығы  19 820  теңге әкімшілік айыппұл төледі.

Азаматтық іс жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралып, шешімін тапты

22/01/2015

       Талапкер Н.Нахипбеков қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгініп, онда 09.02.2012 жылғы қолхаттың негізінде жауапкер жауапкер К.Даткаевтан 164 000 теңгені өндіріп беруді сұраған.

       Мақтаарал ауданының №2 аудандық соты, істің жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатынын анықтап, жауапкерге талап арызға қарсылық беру құқығы мен мерзімін түсіндіріп, тараптарды сот отырысына шақырмай, 20.01.2015 жылғы шешімімен талапкер Н.Нахипбековтың талап арызын толығымен қанағаттандырған.

Неке екі рет бұзылмайды

22/01/2015

    Талапкер А.Бекенов сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер Г.Кобегеновамен 27.11.2005 жылы ОҚО, Мақтаарал ауданы, Жаңа жол ауылдық әкімшілігінде № 72 тіркелген некені бұзуды сұраған.

   Азаматтық істі сот талқылауына әзірлеу кезінде, талапкер А.Бекенов пен Г.Кобегенованың аталған некесі Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының 06.04.2012 жылғы шешімімен бұзылғаны және ол қазіргі уақытта заңды күшіне енгені анықталған.

Сот залынан

22/01/2015

22.01.2015 жылы Отырар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 467-бабының 1-бөлігімен С.А. қатысты әкімшілік іс  қаралды.

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында 2014 жылы атқарған жұмысының қорытындысы туралы баспасөз маслихаты өткізілді

22/01/2015

22.01.2015 жылы Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында 2015 жылдың І-жартыжылдығына арналған іс-жоспарға сәйкес 2014 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатына Сарыағаш қоғамдық саяси газетінің, Сәт телеарнасының өкілдері, сондай-ақ Сәт газетінің редакторы қатысты.

Медиация нәтижесінде тараптардың өзара қол жеткізген жазбаша келісімі бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу қысқартылды

22/01/2015

Түркістан қалалық сотында талапкер «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің азамат Е.-ге қойған электр қуатының қарызын өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Талапкер «Оңтүстік Жарық» ЖШС-гі жауапкер Е.-ден пайдаланған электр қуатының қарызын өндіру үшін 43 562 теңге, 1 307 тенге мемлекеттік баж салығын және 120 теңге сот шығынын өндіруді сұраған.

Сот төрағасының 2014 жылдың 12 айында бойынша қорытынды есебі

22/01/2015

  21.01.2015 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында «Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының төрағасының 2014 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары бойынша қорытынды есебі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатына Әл-Фараби аудандық сотының судьялары мен сот мамандары, «Шымкент келбеті», «Уақыт» газеттерінің тілшілері, «Отырар», «ТВК» телеарналардың тілшілері қатысты.

Төле би аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

22/01/2015

Іс-шараға Төле би аудандық сотының төрағасы Б.Кәрім, судья Н. Жорабеков  және Төле би аудандық  прокуратурасының,  адвокатурасының,  ішкі  істер өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің шеңберінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық, Қылмыстық процесстік кодекстердегі және жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі өзгерістер мен осы жаңа заңдарды құқықтық тәжірибеде қолдану бойынша мәселелерді талқылады.