Архив событий

20/01/2015

Аудандық сотта 2014 жылғы жұмысының қорытындысы туралы баспасөз маслихаты өтті

20/01/2015

20.01.2015 жылы Сарыағаш аудандық сотында 2015 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған іс-жоспарға сәйкес 2014 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатына «Сарыағаш» қоғамдық-саяси газетінің  редакторы, «Шапағат.kz» газетінің редакторы, «Сәт» Медиа-Холдинг» ЖШС-нің тілшілері, «Сәтті» әлеуметтік-экономикалық ақпараттық апталық газетінің редакторы қатысты.

Жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

20/01/2015

      Құқық бұзушы А.А. 13.12.2014 жылы сағат 13.00-шамасында, Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Бекжанов көшесінде А.Т-ға былапыт сөйлеп, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

    Мақтаарал ауданы № 2 аудандық сотының 15.01.2015 жылғы қаулысымен  құқық    бұзушы  А.А.   Қазақстан  Республикасы ӘҚБтК-нің 330-бабының  1-бөлігімен кінәлі  деп табылып, оған  5 (бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

     Қаулы заңды күшіне енбеген.

Әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылды

20/01/2015

Ордабасы аудандық аудандық соты қаулысымен азамат О.Т.Б., жол көлік оқиғасын жасап, жәбірленушіге залал келтіргені үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 468-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 19 820 теңгеге айып пұл салынды.

Айып-пұл салынды

20/01/2015

Ордабасы аудандық  сотымен жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік іс қаралды.  

         Әкімшілік іс құжаттарымен анықталғанындай азамат О., «Некси» автокөлігін басқарып келе жатып рөліне ие бола алмай азамат А. басқаруындағы «Ваз-2106» автокөлігімен соқтығысқан.

         Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан азамат А., материалдық зардап келген, бұл зардап жәбірленушіге толық қайтарылған.

         Азамат О., әрекеті «Жол жүру ережесінің» 10.1 тармағын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің» 468-бабы 1-бөлігімен сараланған.

Сарыағаш аудандық сотында тергеу судьясы cанкция қарады

20/01/2015

Сарыағаш аудандық сотында тергеу судьясы ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен айыпталған аз. М-ның бас шарасын санкциялау туралы материалды қарады.

Жер дауы аяқталды

20/01/2015

Сарыағаш аудандық сотында талапкер «Р» ЖШС-гі сотқа берген талап арызында жауапкер Ж.А. пайдалануындағы жер учаскесін босатуды сұраған, алайда жауапкер Ж.А. қарсы талап арызында талапкерге пайдалану құқығымен берілген ауыл әкімінің шешімін, мемлекеттік актісін заңсыз деп тауып бұзуды және Әділет басқармасындағы мемлекеттік тіркелуін күшін жою туралы азаматтық ісі қаралып, аяқталды.