Архив событий

28/01/2015

Есірткі зат «героинды» сатқаны үшін сотталды

28/01/2015

Сарыағаш аудандық сотының 2015 жылғы 28 қаңтардағы үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259-бабының 2-1 бөлігінде көзделген қылмысты, дәлірек айтқанда, салмағы 0,463 грамм, ірі мөлшердегі «героин» есірткі затын заңсыз алғаны және сатқаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен мүлкін тәркілей отырып 6 (алты) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді.

Отырар аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

28/01/2015

Ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні 2014 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихатына «Нұр отан» ХДП-ның өкілі, ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, құқық қорғау органдарының басшылары, «Отырар алқабы» газетінің  редакторы қатысты.

Көлік құралын мас күйде жүргізгені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

28/01/2015

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық  сотының 2014 жылғы 02 желтоқсандағы қаулысымен азамат З.Ж. көлік құралын алкогольден масаң күйде жүргізгені үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 467 бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

28/01/2015

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық сотының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысымен азамат А.А. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 330-бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Анасының үйіне жалған техникалық төлқұжатты жасатып, банктен несие алған

28/01/2015

    Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2015 жылғы 5 қаңтардағы үкімімен сотталушы Ш.Бизакова Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің  177 бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен мүлкін тәркілеусіз 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 2 жыл сынақ мерзімі белгіленген.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

28/01/2015

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық  сотының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен  жүргізуші Е.М Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің  468 бабы 2 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.