Архив событий

14/01/2015

Басқарма басшысы жазаға тартылды

14/01/2015

2014 жылы  8 шілде күні Шардара ауданының салық басқармасының басшысы прокурордың қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі заң талаптарын орындамай, яғни қажетті құжаттардың көшірмелерін табыс етуден бас тартып, прокурордың қызметіне кедергі жасаған.

Заңсыз ойын бизнесі әшкереленді

14/01/2015

Азаматша Усентаева А. ҚР «Ойын бизнесі» және «Лицензиялау туралы» Заңдарының талаптарын өрескел бұзып, Шардара қаласы Төле би көшесі нөмірсіз ғимаратта ойын бизнесін заңсыз  жүргізген.

03.07.2014 жылы қаржы полициясы қызметкерлерімен азаматша А.Усентаеваның қылмыстық әрекеттері әшкереленген, сөйтіп ол сотта өзіне тағылған айыбын толық мойындаған.

Шардара аудандық сотының 22.08.2014 жылғы үкімімен азаматша А.Усентаева Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, 180 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Отырар аудандық сотында семинар өтті

14/01/2015

Бүгін Отырар аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» тақырыбында аудандық сот судьялары мен прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару, адвокатура өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Брифинг өткізілді

14/01/2015

14 қаңтар 2015 жылы Бәйдібек аудандық сотының мәжіліс залында аудандық соттың судьясы С. Байтенов Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен айыпталып сотталған Б.Т.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша брифинг өткізді.

Сайрам аудандық соты 2014 жылғы атқарған жұмыстары қорытындады

14/01/2015

Бүгін  Сайрам аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2014 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз маслихаты өткізілді. Іс-шара барысында  сот төрағасы Б.Тыныбеков тілшілерге өткен жылдағы сот төрелігін жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы толыққанды ақпарат берді.

Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

14/01/2015

Ордабасы аудандық сотымен көлік құралын масайған қалыпта жүргізген автокөлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қаралған әкімшілік іс – құжаттарында анықталғанындай, О., деген азамат «OPEL VEKTRA» автокөлігін масайған қалыпта басқарған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы үш жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру әкімшілік жазасына тартылды.

Тараптар арасындағы дау бітімгершілікпен аяқталды.

14/01/2015

         Ордабасы аудандық сотымен И., деген азаматтың Б., деген азаматтан қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

         Сотпен анықталғанындай,  жауапкер Б., деген азамат И., деген азаматқа алған қарызын уақтысында қайтармағандықтан, соңғы жауапкерден негізгі қарызды, айып – пұлды, сот шығынын, жалпы 112 000 теңге өндіруді сұраған.

         Сотта тараптарға құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде істі бітімгершілікпен аяқтаудың салдары түсіндірілген соң, тараптар өз – ара бітімгершілікке келді.

Атыс қаруын заңсыз алып жүрген

14/01/2015

  24 желтоқсан 2014 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы Ж.Төлеміс Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 251 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 2 жыл сынақ мерзімі белгіленген.