Басқарма басшысы жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы  8 шілде күні Шардара ауданының салық басқармасының басшысы прокурордың қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі заң талаптарын орындамай, яғни қажетті құжаттардың көшірмелерін табыс етуден бас тартып, прокурордың қызметіне кедергі жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы өзінің кінәсін мойындамай, облыстық Салық департаменті басшылығы жолдаған хатқа сәйкес, сұратылған құжаттар құпия болып табылатындықтан, прокуратураға оларды беруден бас тартқанын айтқан.

Алайда, сот барысында айыпталушының кінәсі дәлелденіп, оның іс-әрекеті дәрежеленген ӘҚБтК-нің бабының санкциясы шегінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 18520 теңге айыппұлға жазаланды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі