Архив событий

15/01/2015

Еңбекші аудандық сотында баспасөз маслихаты өткізіледі

15/01/2015

 2015 жылы қаңтар айының 16-шы жұлдызы күні Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотында судьялардың, Еңбекші аудандық прокурорлары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз маслихаты өткізіледі.

Ұйымдастырылған іс-шара барысында, келіп түскен қылмыстық, азаматтық істердің статистикалық мәліметтері және 2014 жылы қаралған істердің қорытындысы мәлімденеді.

Мәлімдеме үшін ұйымдастырылып жатқан шараға БАҚ өкілдері шақырылады.

Баспасөз маслихаты Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі №1-үйде орналасқан Еңбекші аудандық сотының ғимаратында өтеді.

Сот залынан

15/01/2015

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында құқық бұзушы Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Тәртіптік жазаны даулаған қызметкерлердің дауы медиация тәртібімен шешілді

15/01/2015

      Сот залынан

            «Тәртіптік жазаны даулаған қызметкерлердің дауы медиация тәртібімен шешілді»

    Талапкерлер Д.Ж., Ю.Р., Х.Х., сотқа талап арыз беріп, онда «Мадениет» ЖОМ директоры 09.12.2014 жылғы бұйрығымен өздеріне сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданғанын, бұйрықпен таныстырылмағандарын, түсініктеме алынбағанын, бұл тәртіптік жаза теріс қылықтың мазмұнына, сипатына және жасалу мән-жайларына сәйкес келмейтінін көрсетіп, аталған бұйрықты заңсыз деп тануды сұраған.

Сот шешімін орындаудан жалтару

15/01/2015

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 13.01.2015 жылғы  қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Б.А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабымен  кінәлі деп танылып, он айлық есептік көрсеткіш көлемінде, барлығы  19 820 теңге әкімшілік айыппұл төледі.

Төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіргені үшін әкімшілік қамауға алынды

15/01/2015

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 13.01.2015 жылғы  қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Т.О. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен  кінәлі деп танылып, 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Алаяқтық жасап сотталды

15/01/2015

  25 желтоқсан 2014 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы Е.Исаков Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 177 бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 1 жыл 6 ай сынақ мерзімі белгіленген.