Архив событий

12/01/2015

Жүргізу куәлігінсіз автокөлікті спирттік ішімдік ішкен мас халде басқарып жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алынды

12/01/2015

        Құқық бұзушы Н.К.,  көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, 2014 жылдың 17 желтоқсанда, сағат 18.00- шамасында, Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Ташкент көшесінің  бойында,“Volkswagen Jetta“ маркалы мемлекеттік сан белгісі 177 BRA 13 автокөлігін, спирттік ішімдік ішкен масаң күйде басқарып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 467- бабының 8- бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың шешімімен жауапкер әкесі деп анықталды және алимент өндірілді

12/01/2015

Сотқа талапкер У.Ш., талап арыз беріп, талабында 13.05.1967 жылы туылған С.А.-ны 03.10.2011 жылы туылған А-ның әкесі екенін анықтауды, А.-ның кәмелет жасына толғанша оны асырап бағу үшін өзінің пайдасына барлық айлық табысынан 4/1 мөлшерде алимент өндіруді сұраған.

Сотқа жауапкер С.А.., талап арызды толық мойындап, А. өзінің баласы екенін, баласына алимент төлеуге қарсы еместігін көрсеткен.

Өкімет өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін сотталды.

12/01/2015

         Ордабасы аудандық соты үкімімен азамат К., өкімет өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 321-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылды.

         Іс бойынша анықталғанындай сотталған К., спирт ішімдігін ішкен масайған қалыпта полиция қызметкерінің қоғамдық тәртіпті бұзбау туралы заңды талабына бағынбай, соңғыны ұрып, оның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес жеңіл дене жарақатын салып және аяғымен оның автокөлігін теуіп терезесін сындырған.

Сотқа құрмет – Елге құрмет

12/01/2015

          Доғарыстағы судья Абдрасилов Спатайға аудандық маслихаттың 03.12.2014 жылғы № 38/2 шешімімен «Ордабасы ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

         С. Абдрасилов Ордабасы аудандық сотында 1978-1992 жылдар аралығында судья, соңғы он жылында төраға қызметін атқарды. Доғарысқа шыққанға дейін Түлкібас аудандық сотының төрағасы, судьясы қызметін атқарды.

         Судьялық жұмысын атқарған  жылдары  С. Абдрасилов азаматтардың құқығын қорғау мақсатында  мыңдаған істерді қарады. Еліміздің егемендігін нығайтуда өз үлесін қоса білді.