Архив событий

06/01/2015

Жұмысқа қайта орналастырылып, лажсыз бос жүрген уақытына жалақысы және моральдық зиянды өндіру туралы шешім қабылданды

06/01/2015

Талапкер Х.К.К Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Балауса» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының №193 санды 01.08.2014 жылғы қызметінен босату туралы бұйрығын, 31.07.2014 жылы түзілген актіні жарамсыз деп танып, бұрынғы атқарған жұмысына қайта орналастырып, лажсыз бос жүрген уақытына жалақысын және моральдық зиянның өтемі ретінде 1 000 000 теңге өндіруді сұраған.

ОҚО соттары жаңадан тағайындалған судьялармен толықты

06/01/2015

ОҚО сотының төрағасы Н.Шәріпов облыстық соттың судьяларына Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы Жарлығымен жаңадан тағайындалған Сайрам аудандық сотының төрағасы Б.Тыныбековты және Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби аудандық соттарының судьялары М.Тиметов пен Е.Оспановты таныстырды.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген

06/01/2015

  11 желтоқсан 2014 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы Д.Қарабаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 103 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 2 жыл сынақ мерзімі белгіленген.