Архив событий

13/01/2015

Қылмыстық атқару инспекциясының инспекторы алаяқтық жасағаны үшін сотталды

13/01/2015

Е. Бибасаров Түлкібас аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы бөлімінің инспекторы лауазымында әділет аға лейтенанты шенінде қызмет атқара жүріп, шартты түрде сотталған М.Тұрғынбектің анасы Б.Алтынбековаға жолығып, қызмет бабын пайдаланып, оның сеніміне қиянат жасап, сынақ мерзімін ұзарту мәселесін шешу өзінің құзіретіне кірмейтінін біле тұра, М. Тұрғынбекке тағайындалған сынақ мерзімін ұзарту туралы ұсыныс сотқа жіберіліп қойғанымен, ол бойынша оң шешім қабылдатуға уәде беріп, осы қызметі үшін 60000 теңге талап еткен. 

Әкімшілік қамауға алынды

13/01/2015

Отырар аудандық соты 13.01.2015 жылы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 79-5-бабының 1-бөлігімен Б.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Баспасөз мәслихаты

13/01/2015

2015 жылдың 16 қаңтар күні сағат 15.00-де  ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғимаратында (Шымкент қаласы, Тыныбаев 42)  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуында сотпен 2014 жылда атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихатында сот төрағасы Б.С.Диханбаев  2014 жылы  сотпен атқарылған жұмыстарын  қорытындылайды. Осыған  байланысты Сіздерді баспасөз мәслихатына қатысуыңызға шақырамыз.

 

ОҚО қылмыстық сотының 2014 жылғы атқарған жұмыстары қорытындыланды

13/01/2015

Бүгін  Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2014 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз маслихаты өткізілді. Іс-шара барысында  сот төрағасы Ж.Сейтжапбаров тілшілерге өткен жылдағы сот төрелігін жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы толыққанды ақпарат берді.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот 2014 жылғы атқарған жұмысын қорытындылады

13/01/2015

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2014 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз маслихаты өткізілді.

Балық аулау ережелерін өрескел бұзғаны үшін жазаланды

13/01/2015

Құқық бұзушы Е.Абдижаппаров 17.12.2014 жылы Шардара су қоймасының №4 учаскесінің аймағында, тыйым салынған құралдармен балық аулау ережелерін өрескел бұзып, 1 дана ескекті үрмелі қайық,  5 дана полиамидті моноталшықтан жасалған ау торын, 12 дана ау торын, 1 дана темір сапты балта және пресс жібін пайдаланып балық аулап, жағаға шыққан жерінен Шардара балық инспекциясының қызметкерлеріне ұсталған.

Сот отырысында құқық бұзушы айыбын толық мойындап, өкініш білдіріп, келешекте мұндай іс-әрекетті қайталамайтындығын айтып, кешірім жасауды сұранды.