Балық аулау ережелерін өрескел бұзғаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқық бұзушы Е.Абдижаппаров 17.12.2014 жылы Шардара су қоймасының №4 учаскесінің аймағында, тыйым салынған құралдармен балық аулау ережелерін өрескел бұзып, 1 дана ескекті үрмелі қайық,  5 дана полиамидті моноталшықтан жасалған ау торын, 12 дана ау торын, 1 дана темір сапты балта және пресс жібін пайдаланып балық аулап, жағаға шыққан жерінен Шардара балық инспекциясының қызметкерлеріне ұсталған.

Сот отырысында құқық бұзушы айыбын толық мойындап, өкініш білдіріп, келешекте мұндай іс-әрекетті қайталамайтындығын айтып, кешірім жасауды сұранды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы балық аулау ережелерін өрескел бұзғаны үшін  он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылық заттары және құралдары мемлекет кірісіне тәркіленді.

Қаулы заңды күшіне енген.  

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі