Архив событий

30/01/2015

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында баспасөз мәслихаты өтті

30/01/2015

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов журналистермен 2014 жылдың сот төрелігін жүзеге асыру нәтижелері бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Оған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, облыстық соттың алқа төрағалары және облыстық соттың баспасөз хатшысы қатысты.

ОҚО сотында 2014 жылды қорытындылауға арналған кеңейтілген жиналыс өтті

30/01/2015

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында облыс соттарының 2014 жылдың сот төрелігін жүзеге асыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жиналысы өтті. Оған Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы мен алқа төрағалары, судьялары, кеңсе басшысы мен бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, судьялары мен кеңсе меңгерушілері қатысты.

Масаң күйде көлікті жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды

30/01/2015

Жүргізуші А.И. 2015 жылдың 05 желтоқсанында сағат 21:00 шамасында, Мақтаарал ауданы Атакент кенті,Ташкент көшесінің бойында «Ауди-А6» маркалы мемлекеттік тіркеу белгісі X 813 ZAN автокөлігін масаң күйде басқарған.