Архив событий

21/01/2015

ОҚО сотының судьясы «ТВК» телеарнасының тілшілеріне сұхбат берді

21/01/2015

Үстіміздегі жылдың 19 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасының судьясы С.Дзюлиев «ТВК» телеарнасының «Ашық әңгіме» бағдарламасына сұхбат берді.

Жаяу жүргіншінің өліміне себепкер болған жүргізушіге жаза тағайындалды

21/01/2015

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ аудандық сотында судья Н. Құламқадырұлының төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабы 2 бөлігімен және 297 бабымен айыпталған азамат М.У.-дың қылмыстық ісі бойынша үкім жарияланды.

Баспасөз малихаты өтетіні туралы хабарландыру

21/01/2015

   2015 жылдың 23 қаңтар күні сағат 14:30-да Қазығұрт аудандық сотының ғимаратында (Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, Ш.Уалиханов көшесі н/з үй) бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуында сотпен 2014 жылда атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

   Баспасөз мәслихатында сот төрағасы Қ.Д.Қоңырбаев 2014 жылы сотпен атқарылған жұмыстарын қорытындылайды. 

Кентау қалалық сотында баспасөз маслихаты өтті

21/01/2015

Бүгін Кентау қалалық сотының төрағасы Е.Сералиев 2014 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатында 2013 жылмен салыстырмалы түрде қаралған сот істері бойынша статистикалық мәліметтер айтылды.

Сот актісін орындаудан жалтарғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

21/01/2015

ОҚО Сот актілерін орындау Департаментінің Қазығұрт аумақтық сот орындаушылар бөлімі құқық бұзушы С.М.-ге қатысты сот актісін орындамағаны үшін, яғни Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы хаттама толтырып, оған шара көру үшін сотқа жолдаған.

Заңсыз ағаш бұталарын кескені үшін жазаланды

21/01/2015

17.12.2014 жылы Шардара су қоймасының Қызылқұм ауылдық округі  аумағы  жағалауында, Мақтарал  аудандық ішкі істер басқармасына қарасты 1-ПБ-нің  табиғат қорғау инспекторы және прокуратура қызметкерлері тарапынан  экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы жедел профилактикалық рейд жасау барысында, сол ауылдың тұрғыны К.Пердебаев, Шардара су қоймасының  жағалауында өсіп тұрған   «Тораңғыл» ағашын, жанар-жағар маймен жұмыс істейтін, маркасы «STLHE» арамен  заңсыз  кесіп  құлатып,  бөлшектеп,  трактор  тіркемесіне  тиеп  жатқан  кезінде  ұсталған.

Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадион директорының орынбасары алаяқтық жасап сотталды

21/01/2015

   25 желтоқсан 2014 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы Б.Кунанбаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 177 бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 2 жыл сынақ мерзімі белгіленген.

Сот залынан

21/01/2015

Сарыағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259-бабының 2-1 бөлігімен айып тағылып сотқа берілген сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралу барысында.

Іс медиация тәртібімен қысқарды

21/01/2015

Талап арыз беруші Т. жол көлік оқиғасын жасаған С.-дан зиян орнын толтыру туралы өз пайдасына 771000 теңге және моральдық шығын түрінде  500000 теңге, сондай-ақ 6636 теңге мемлекеттік бажды, автомашинаны бағалаған маманға 6636 өндіру туралы арызданған.

Төле би аудандық соты Т. деген азаматшаның азаматтық талап арызы бойынша медиация тәртібімен даулы мәселені шешудің келісімін бекіту туралы ұйғарым шығарды.

ТЕЛЕФОН ҚЫЗМЕТІ ҮШІН АҚЫ ТӨЛЕМЕГЕН

21/01/2015

Төлеби аудандық соты телефон қызметі үшін ақы төлемеген А. дегеннің азаматтық ісін қарады.

Істің мән-жайына сәйкес, жауапкер А. 2013 жылдың ақпан айынан соңғы уақытқа дейін телефон қызметін пайдаланғаны үшін телекоммуникацияға ақы төлемеген.

Төлеби аудандық соты талапкер аудандық телекоммуникация торабының талап арызын толық қанағаттандырып, жауапкерден «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының пайдасына 7486 теңге  және 225 теңге баж салығын өндіру туралы шешім қабылдады.

РӨЛГЕ МАС КҮЙІНДЕ ОТЫРҒАН

21/01/2015

Төлеби аудандық соты И. деген азаматтың әкішілік құқық бұзушылық ісін қарады.

Істің мән-жайына сәйкес, И. рөлге мас күйінде отырып, автокөлік басқарған.

Төлеби аудандық соты И-ді Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 467-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны 3 жыл мерзімге көлік жүргізу куәлігінен айырды.

 

Сораны заңсыз өсіргені үшін сотталды

21/01/2015

Төлеби аудандық сотының үкімімен М.А. ірі мөлшерде құрамында есірткі заты бар сораны егіп, заңсыз өсіргені үшін 3 жылғы сотталды.

Істің мән-жайына сәйкес, М.А. 2014 жылдың сәуір айының соңында өз үйінің ауласында құрамында есірткі заты бар сораны егіп, заңсыз өсірген.

Төлеби аудандық сотының үкімімен М.А.  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 262-бабының 2- бөлігінің «в» тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін сотталды

21/01/2015

Төле би аудандық сотының үкімімен А.К.-ге жәбірленушінің денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Істің мән-жайына сәйкес,  сотталушы А.К. мен жәбірленуші М.Р. спирттік ішімдік ішіп, араларындағы бас араздық салдарынан сотталушы жәбірленушіні ұрып-соғып, денсаулығына орташа ауырлықтағы дене жарақатын салған.