Заңсыз ағаш бұталарын кескені үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

17.12.2014 жылы Шардара су қоймасының Қызылқұм ауылдық округі  аумағы  жағалауында, Мақтарал  аудандық ішкі істер басқармасына қарасты 1-ПБ-нің  табиғат қорғау инспекторы және прокуратура қызметкерлері тарапынан  экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы жедел профилактикалық рейд жасау барысында, сол ауылдың тұрғыны К.Пердебаев, Шардара су қоймасының  жағалауында өсіп тұрған   «Тораңғыл» ағашын, жанар-жағар маймен жұмыс істейтін, маркасы «STLHE» арамен  заңсыз  кесіп  құлатып,  бөлшектеп,  трактор  тіркемесіне  тиеп  жатқан  кезінде  ұсталған.

Сот отырысында құқық бұзушы К.Пердебаев,  өзіне тағылған кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекеттеріне қатты өкінетіндігін  айта келе, соттан   жеңіл  жаза  беруді сұрады.

Өсіп тұрған ағашты заңсыз кескені үшін құқық бұзушыға сот қаулысымен айыппұл салынып, құқық бұзушылық құралдары мемлекет пайдасына тәркіленді.

Источник: 
Мақтарал ауданының №3 аудандық сотының баспасөз қызметі