Архив событий

26/01/2015

Қазығұрт аудандық соты мен Халыққа қызмет көрсету орталығы бірлесіп дөңгелек үстел мәжілісін өткізді

26/01/2015

Бүгін Қазығұрт аудандық соты мен аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) бірлескен «ХҚКО-нан ҚР Жоғарғы Сотыныың интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы  электрондық арыздарды беру»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Пресс конференция

26/01/2015

Ордабасы аудандық соты төрағасы Қ.А. Мұсаев Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің жаңадан енгізілуіне, оның ішінде спирт ішімдігін автокөліктерді басқарғаны, жылдамдықты асырғаны үшін жауапкершіліктің күшейтілгені, қандай жағдайда салынған айып пұлдың 50 пайызын төлеуге болатыны туралы түсініктемелер берді.

Ұрлаған үшін сотталды

26/01/2015

Ордабасы аудандық сотының үкімімен Т.Ә., Т.Н., және Б.Е., деген азаматтар бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлағандары үшін бас бостандық еркінен айыру жазасына сотталды.

Қайтыс болған факті анықталды

26/01/2015

Отырар аудандық сотымен, 13 қаңтар 2015 жылы арызданушы Р.Н. мүдделі жақ Отырар аудандық әділет басқармасына заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арызы қанағаттандырылды,

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

26/01/2015

  06 қаңтар 2015 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы Т.Парфенова Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-1 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен мүлкін тәркілеусіз 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, мүлкін тәркілеусіз 1 жыл сынақ мерзімі белгіленген.

Сарыағаш аудандық сотында «Жер даулары»тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті

26/01/2015

Сарыағаш аудандық сотында 2015 жылғы 23 қаңтар күні «Жер даулары» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстел отырысына аудандық соттың судьялары, аудан прокуратурасының, аудан және қала әкімдіктерінің, әділет басқармасының, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері, адвокаттар, аудандық жер кадастр бөлімінің және БАҚ өкілдері қатысты.