Архив событий

27/01/2015

Бұзақылық жасағаны үшін сотты болды

27/01/2015

Кентау қалалық сотының 23.01.2015 жылғы үкімімен азамат А.Н. 08.03.2014 жылы алдын-ала сөз байласқан адамдар тобымен, қару қолдану  арқылы бұзақылық жасап, қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзып, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды

27/01/2015

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 70-бабының 1-бөлігімен бас бостандығын шектеуге сотталған Х.Шакировты жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босату туралы Шардара аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының ұсынысы қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталған Х.Шакиров 26.08.2013 жылы Шардара аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Ірі мөлшерде жасалған ұрлық

27/01/2015

Азамат В. Пак Шардара қаласы Төле би көшесінің бойында орналасқан дүкенге заңсыз кіріп, жалпы құны 2572000 теңге болатын күміс бұйымдарын жасырын ұрлаған.

Алайда, ол шұғыл іздестіру кезінде полиция қызметкерлеріне ұсталып, сот отырысында өз кінәсін жартылай мойындаған.