Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадион директорының орынбасары алаяқтық жасап сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   25 желтоқсан 2014 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы Б.Кунанбаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 177 бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 2 жыл сынақ мерзімі белгіленген.

  Сотталушы Б.Кунанбаев 2012 жылғы желтоқсанда өзінің жұмыс орнына, яғни Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесіндегі Қажымұқан атындағы орталық стадионына алдын ала тергеумен аты-жөні толық анықталмаған басқа адам жәбірленуші П.Сапаровамен бірге келіп, соңғыны сотталушымен таныстырған. Сол жерде сотталушы мен басқа адам адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша ірі мөлшерде алаяқтық жасау мақсатымен жәбірленушіге «1 айда Шымкент қаласындағы балабақшаның біріне меңгеруші ретінде жұмысқа орналастырамыз, сол үшін 15.000 АҚШ доллары керек» деп айтқан. Жәбірленуші П.Сапарова «Каspi Вank» АҚ-ның ШФ-нан 15.000 АҚШ доллар немесе 2.265.000 теңгені несиеге алып, алданып қалмауы үшін ол бұл ақшаны нотариус арқылы беретінін айтып 26.12.2012 жылы Б.Кунанбаев екеуінің арасында қарыз келісім-шартын түзген.  Алайда, сотталушы Б.Кунанбаев пен басқа адам уәдеде тұрмай, жәбірленушіні жұмысқа орналастырмай, сол үшін алған ақшаны да соңғыға қайтармай, өздерінің жеке пайдасына жаратып, жәбірленуші П.Сапароваға 2.256.300 теңге мөлшерде мүліктік залал келтірген.

Үкім заңды күшіне енген

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі