Жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

      Құқық бұзушы А.А. 13.12.2014 жылы сағат 13.00-шамасында, Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Бекжанов көшесінде А.Т-ға былапыт сөйлеп, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

    Мақтаарал ауданы № 2 аудандық сотының 15.01.2015 жылғы қаулысымен  құқық    бұзушы  А.А.   Қазақстан  Республикасы ӘҚБтК-нің 330-бабының  1-бөлігімен кінәлі  деп табылып, оған  5 (бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

     Қаулы заңды күшіне енбеген.

     Мақтаарал ауданы № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі.