Аудандық сотта 2014 жылғы жұмысының қорытындысы туралы баспасөз маслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

20.01.2015 жылы Сарыағаш аудандық сотында 2015 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған іс-жоспарға сәйкес 2014 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатына «Сарыағаш» қоғамдық-саяси газетінің  редакторы, «Шапағат.kz» газетінің редакторы, «Сәт» Медиа-Холдинг» ЖШС-нің тілшілері, «Сәтті» әлеуметтік-экономикалық ақпараттық апталық газетінің редакторы қатысты.

Жыл қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз маслихатында аудандық соттың төрағасы Е.Рахманберді соттың 2014 жылы атқарған жұмыстары жөнінде, «Медиация туралы» заңының қолданылуы, электронды іс жүргізуді ұйымдастыру қолма-қол «Талон» беру, іске қатысушыларға электронды СМС хабарландыруды жолдау, іске қатысушы тараптар сайтта «Сот құжаттарымен танысу және Сот  кабинеті»  айдарлары арқылы соттардың барлық сот актілерін, құжаттарын көретін мүмкіндіктері туралы  және «Сотқа электрондық шақыру қағазы», «Гибридті электрондық почтаны» жіберу сервисі туралы жан-жақты мағлұмат берді. Сондай-ақ, баспасөз маслихатына қатысушылар жаңа заңнамаларда қабылданған шаралар бойынша да туындаған сұрақтарына аудандық сот төрағасының тарапынан толыққанды жауаптар алды.

Источник: 
Сарыағаш аудандық сотының баспасөз қызметі