Архив событий

07/04/2016

Сайрам ауданының тұрғындарымен Судьялардың жаңа әдеп кодексінің жобасы талқыланды

07/04/2016

Бүгін Сайрам аудандық сотында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының ОҚО филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссиясының мүшесі Л.Такишева Сайрам аудан тұрғындарымен кезектен тыс өтетін Қазақстан Республикасы судьяларының VII Съезінде қабылданатын судьялардың жаңа әдеп кодексінің жобасын талқылауға арналған кездесу өткізді.

Сот бұйрығын орындамағаны үшін жаза тағайындалды

07/04/2016

Құқық бұзушы Е.Е. 2002 жылғы 6 наурыздағы сот бұйрығының негізінде борышкер ретінде өндіруші Ж.С.-ның пайдасына ұл-қыздарына кәмелет жасына толғанға дейін асырап бағу үшін барлық табысының 1/2 бөлігі мөлшерінде ай сайын алимент төлеуге міндетті болған. Алайда, ол сот бұйрығын орындамаған, яғни кәмелет жасына толмаған балаларына алимент төлемеген.

Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

07/04/2016

Құқық бұзушы Р.К. 28.12.2015 жылы Мақтаарал ауданы, Ынтымақ ауылдық округі, Көрікті ауылының тұсындағы тас жол бойында кетіп бара жатып, өзінің басқаруындағы «Daewoo Matiz» маркалы автокөлігімен, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің талабын бұзған, яғни автокөлікті белгіленген шектеуден асатын жылдамдықпен жүргізіп, басқаруды игере алмай, жол көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде аталған автокөлік ішінде отырған жолаушылардың денсаулықтарына жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген.

Коммуналдық қызметті пайдаланып, ақысын төлеуден жалтарған

07/04/2016

Созақ аудандық сотында өндіріп алушы «Таукент-Энергосервис» ЖШС-нің борышкер Т.Қ.-дан қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс-құжаттарына сәйкес борышкер Т.Қ. коммуналдық қызметті пайдаланғаны үшін «Таукент-Энергосервис» ЖШС-не 159256 теңге қарыз болып, осы соманы төлеуден жалтарып жүрген.

Бас бостандығынан айырылды

07/04/2016

29.03.2016 жылы Отырар аудандық сотында А.Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы А.Б. «кептірілген марихуана» есірткі затын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындап, иемденіп, сақтаған және құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған «сора» өсімдіктерін ірі мөлшерде егіп-өсіріп өзі пайдаланған.

Бәйдібек аудандық сотында судья әдебі Кодексінің жаңа жобасы талқыланды

07/04/2016

Бүгін Бәйдібек аудандық сотында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, Қазақстан Республикасы Судьялар одағы ОҚО филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссиясының төрағасы Ә. Керімшеев аудандық соттың судьялары және ауданның кәсіби емес медиаторларымен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс VII Съезінде қабылданатын судьялардың жаңа этикалық кодексінің жобасын талқылады.