Архив событий

18/04/2016

Партисипативтік келісім бекітілді

18/04/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер И.-ден қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі бойынша адвокаттардың қатысуымен партисипативтік келісім бекітілді.

Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы М. жауапкер Е.-ден 1 000 000 теңге қарыз ақшаны және мемлекеттік бажға төлеген 10 000 теңгені өндіруді сұраған.

«Медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

18/04/2016

13 сәуір 2016 жылы Кентау қалалық сотында судьялардың, прокуратура, Кентау қаласының заң кеңесханасы, «Қазақтелеком» АҚ-ның, «Кентау сервис» МКК-ның өкілдерінің, сонымен бірге кәсіпқой емес медиаторлар және БАҚ-тың өкілдерінің қатысуларымен «Медиация» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Заңсыз алкоголь саудасы

18/04/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны С.Н. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 282-бабының 3-бөлімі 7-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 159 075 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот азаматтың бұзылған құқығын қалпына келтірді

18/04/2016

Талапкер А. Шымкент қаласының Абай аудандық сотына «Евразиялық Банк» АҚ-на өзінің жалақы алатын есеп шотына салынған тиымды босатуды сұраған.

Істі қарау барысында анықталғандай, талапкер Банктен несие алып, осы несиені мерзімінде төлей алмай, Банк талапкердің есеп шотын жауып тастаған. Талапкер бір жыл көлемінде айлық жалақысын ала алмай жүрген.

Келісім-шарт бойынша міндеттемесін орындамаған

18/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотының 01.04.2016 жылғы шешімімен «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жауапкер «Түлкібас әк зауыты» ЖШС-нен 1 277 758 теңге қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша іс сот өндірісінде оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралып, талап қанағаттандырылған.

Кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

18/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Д.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Шымкент қаласы әкімінің қаулысы заңсыз деп танылды

18/04/2016

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында талапкер П.А.-ның жауапкерлер Шымкент қаласы әкіміне, «Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-не Шымкент қаласы әкімінің 18.01.2016 жылғы №37 санды қаулысын заңсыз деп танып, жер учаскесін беру жайлы арызын негізінен қарауды міндеттеу туралы азаматтық іс қаралды.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

18/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер А.-ның жауапкер К.-ға қолхат бойынша қарыз ақша өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар судьяның қатысуымен медиация тәртібінде дауды реттеу жөнінде келісімге қол жеткізді.

Алкоголь өнімін лицензиясыз сатқаны үшін айыппұл төлейтін болды

18/04/2016

Шымкен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны М.Р. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463- бабының, 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, оған 159 075 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Медиация рәсімі жүргізілді

18/04/2016

Сайрам аудандық сотында талапкер Р.С.-ның жауапкер Ғ.Д.-дан материалдық шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс, тараптар медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен қысқартылды. Келісімге сай, жауапкер 15.05.2016 жылға 150 000 тенге көлемінде материалдық залалды толтыруға міндеттеме алды, ал талапкер болса осыған қанағат тұтып, өз кезегінде талап арыздан бас тартты.

Мас халде көлік басқарғаны үшін жазаланды

18/04/2016

Құқық бұзушы С.А. 27.01.2016 жылы өзінің иелігіндегі маркасы «Daewoo Nexіa»» автокөлігін Мақтаарал ауданы Жетісай қаласы Әуезов көшесінің бойында көлік құралын жүргізу құқығы жоқ бола тұра, мас халде басқарған.

Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

18/04/2016

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында талапкер Т.К.-ның жауапкерлер Н.У.-дан және «Каз Медео Гранд» ЖШС-нен 37000 АҚШ долларын  өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралып, дау тараптардың қорғаушыларының қатысуымен партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталды

18/04/2016

Шардара аудандық соты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 131-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Т.-ны ұялы телефон арқылы жаман сөздермен балағаттап, ар-намысына тиетін былапыт сөздер айтып, қадір-қасиетін қорлаған сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындады.

Ерлі-зайыптылар сот үкімімен ақталды

18/04/2016

ОҚО Сарыағаш аудандық сотында жекеше айыптау шағымы бойынша қылмыстық істі қарау нәтижесінде ерлі-зайыпты К.-ларға қатысты ақтау үкімі шығарылды.

Жеке айыптаушы Н.Х. сотқа өзін бас араздық салдарынан ұрып-соғып, денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, қорлағаны үшін өзінің қайын ағасы А.К. мен оның жұбайы Б.К.-ға қатысты шағым түсірген.

Азаматтық іс бітімгершілік келісім негізінде қысқартылды

18/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен талапкер «Өндірістік компания «Шымкентдорстрой» ЖШС-нің  «Eraproektstroy» ЖШС-не қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс бойынша  бітімгершілік келісім бекітілді .