Архив событий

15/04/2016

Отбасы сақталып қалды

15/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер Б.М.-ның жауапкер Р.А.-ға некені бұзу туралы азаматтық іс қаралған.

Б.М. талап арызында Р.А.-мен арасындағы некені бұзуды сұранған.

Жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс медиация тәртібімен өндірістен тоқтатылды

15/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында жәбірленуші Д.П-ның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін азамат Д.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Есірткі заттарын сақтағаны үшін жазаға тартылды

15/04/2016

ОҚО Созақ аудандық сотының сотында А.Б.-ның Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен айыпталған қылмыстық ісі ашық сот отырысында қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, А.Б.  салмағы 5,3 грамм болатын  мөлшердегі есірткі заты – марихуананы  өз үйінде иемденгені және заңсыз сақтағаны анықталды.

Автокөлікті алкогольдік масаң халде басқарған

15/04/2016

Түркістан қалалық сотында А.О.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қаралды.

Іс материалдарына сай, құқық бұзушы А.О. өзінің басқаруындағы автокөлігін Түркістан қаласы С.Қожанов көшесінің бойында алкогольдік масаң күйде басқарған.

Партисипативтік келісім бекітілді

15/04/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында адвокаттардың қатысуымен талап қоюшы А.-ның жауапкер И.-ден қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі бойынша партисипативтік келісім жасалды.

Іс материалдарына сәйкес,  талап қоюшы М. жауапкер Е.-ден 1 000 000 теңге қарыз ақшаны және мемлекеттік бажға төлеген 10 000 теңгені өндіруді сұраған.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтың құқығы қорғалып моральдық шығын өндірілді

15/04/2016

Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотында талапкер М.Ж.-ның жауапкерлер ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер Департаментінен, «ҚР Инвестициялар және даму министірлігі Азаматтық авиация комитетінен» моральдық  зиянды және заттарының жоғалуына байланысты материалдық шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сарыағаш аудандық сотында «Мұрагерлік жөніндегі заңдарды соттардың қолдануындағы кейбір мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

15/04/2016

2016 жылдың 15 сәуір күні Сарыағаш аудандық сотында «Мұрагерлік жөніндегі заңдарды соттардың қолдануындағы кейбір мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Сарыағаш аудандық сотының төрағасы, судьялар, прокуратура, Әділет басқармасы, адвокатура, жеке нотариустар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.