Архив событий

20/04/2016

Сот кәмелетке толмаған баланы анасымен қалдырған дұрыс деп шешті

20/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талап қоюшы С.-ның жауапкер К.-ге, мүдделі жақ «Білім беру бөлімі» ММ-не қатысты баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап қою арызын  қарады.

Билік өкіліне бағынбаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды

20/04/2016

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 378-бабының 2- бөлігімен, 379-бабының 1-бөлігімен қылмыстық теріс қылықтары бойынша айыпталып, сотқа берілген сотталушы Д. жасаған қылмыстық теріс қылықтары үшін айыпты деп танылған.

Істі қарау барысында талап қою арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарылды

20/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер Б.Р.-ның жауапкерлер М.А.-ға, К.Т.-ға, Банкке, «Шымкент қаласы Абай ауданының Әділет басқармасы» ММ-не және нотариус К.Э.ге сату-сатып алу келісім шартын және оның тіркеуін, қарыз шартын, ипотека шартын және қолхатты жарамсыз деп тану, тұрғын үйге меншік құқығын қалпына келтіру және тану  туралы азаматтық ісі қаралды.

Сайрам аудандық сотында 2016 жылдың І тоқсандағы жұмысы қорытындыланды

20/04/2016

Сайрам аудандық сотының төрағасы Б.Тыныбеков 2016 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз маслихатын өткізді.

Баспасөз маслихатында Б.Тыныбеков Сайрам аудандық сотының 2016 жылдың есептік кезеңге дейін атқарған жұмысы туралы 2015 жылдың 3 айымен салыстыра отырып жан-жақты мағлұмат берді.

Жұмысынан босатылған азамат өз қызметіне қайта орналастырылды

20/04/2016

Мақтаарал аудандық сотында талапкер Л.И.-дың бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақытына еңбек ақы, моральдық зиянның өтемін және заң көмегін алғаны үшін жұмсалған қаражатты өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Бәйдібек аудандық сотында 2016 жылдың І-тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді

20/04/2016

Бүгін Бәйдібек аудандық сотының төрағасы А. Бекназаров ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Оған аудандағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аудандық соттың судьясы және кеңсе меңгерушісі қатысты.