Архив событий

27/04/2016

Бәйдібек ауданы әкімдігінің жанындағы келісім орталығынан «Медиация кабинеті» ашылды

27/04/2016

Бүгін Бәйдібек аудандық әкімдігіне қарасты Жастар сарайында орналасқан қоғамдық келісім орталығы жанынан «Медиация кабинеті» ашылды. Ашылу салтанатынан соң медиация кабинетінде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын қолдану барысы туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Шет ел азаматы елден шығарылып жіберілді

27/04/2016

Сайрам аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлерінің профилактикалық іс-шаралар жүргізуі барысында Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында Өзбекстан Республикасының азаматы С.Мухамадалиев Қазақстан Республикасына жеке мақсатпен келіп, тиісті рұқсат алмастан, жұмыс істеп жүргені анықталды.

«Мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

27/04/2016

Бүгін Түркістан қалалық сотында «Мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға судьялар Д.Бейсембекова, С.Иманкулова, Г.Торгаева, А.Иржанов, мамандар, адвокаттар, мемлекеттік органдар мен жергілікті мекемелердің өкілдері қатысты.

Археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізгені үшін бас бостандығын шектеу жазасына соты болды

27/04/2016

2015 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енген Қылмыстық кодексте заман талабына сай жаңа баптар енгізілген. Олардың бірі - археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу туралы Қылмыстық кодекстегі 295-бап.

Кедендік одақ пен Қазақстан Республикасының Кедендік кодекстерін қолданудың ерекшеліктері талқыланды

27/04/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының базасында "Кедендік одақ пен Қазақстан Республикасының Кедендік кодекстерін қолданудың ерекшеліктері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Заң талаптарын білмеу жауапкершіліктен босатпайды

27/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Абай аудандық соты талапкер Н.-ның жауапкерлер Қ., Б., С., А., «Шымкент қаласы Абай ауданының Әділет басқармасы» ММ-не, ОҚО Нотариалды палатасына, жеке нотариус Т.-ға жер телімін сату-сатып алу келісім шарттарын және олардың тіркеуін жарамсыз деп тану, тараптарды бастапқы қалпына келтіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Әкімшілік іс бойынша іс жүргізу медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаумен тоқтатылды

27/04/2016

Құқық бұзушы К., ҚР ӘҚБтК-нің 28.03.2016 жылы сағат 10.00 шамасында өзінің Атакент кентінде орналасқан үйінде алкогольді масаң күйде анасы М.-ны себепсіз былапыт сөздермен балағаттап, отбасының шырқын бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сотқа дейін іс жүргізу және қылмыстық істерді прокурорларға қайтару мәселелері талқыланды

27/04/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сотқа дейін іс жүргізу және қылмыстық істерді прокурорларға қайтару мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шардара аудандық сотында 2016 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді

27/04/2016

Бүгін Шардара аудандық соты төрағасының м.а. С.Ондыбаева ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Шардара аудандық сотымен атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Оған аудандағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аудандық соттың судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.

Шардара қаласының әкімдігінде медиация кабинетінің ашылуына орай дөңгелек үстел өтті

27/04/2016

Шардара қаласы әкімдігінің ғимаратында медиация кабинетінің ашылу рәсіміне және осыған орай өткізілген дөңгелек үстелге Шардара аудандық соты төрағасының м.а. С.Ондыбаева, судья С.Умаров, Шардара қаласының әкімі М.Сапаров, жергілікті мемлекеттік мекеме және Шардара аудандық заң кеңесінің адвокаттары, кәсіби емес медиаторлар мен жергілікті БАҚ-ның тілшілері қатысты.