Архив событий

28/04/2016

Ұрлық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды

28/04/2016

Ордабасы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотталушы А.А.-ға қатысты іс қаралды.

Бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін екі рет түзеу мекемелерінде жазасын өтеген азамат А.А. бір топ адамның алдын ала сөз байласуымен, қора-жайға кіре отырып, бөетннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлаған.

Жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласты

28/04/2016

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 389-бабының 1-бөлігімен айыпталған Н.А. жәбірленушімен  медиация тәртібімен татуласып, қылмыспен келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, оған қатысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.

Есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін бас бостандығынан айырылды

28/04/2016

Қаратау аудандық сотында есірткі заттың заңсыз айналымына қатысты кезекті істі қарау барысында сотталушы О.Г.-ның кептірілген марихуананы өткізу мақсатында үйінде заңсыз сақтағаны, 22.01.2016 жылы сағат 13:00-дер шамасында есірткі затын сату үшін Шымкент қаласы, Қайнар бұлақ саяжайы, Орталық көшесінде лақап аты «П.» Деген адаммен кездесіп, оған екі дана қағаз орамадағы есірткі затын 4 000 теңгеге сатқаны анықталды.

Құрылыс нормаларын сақтамау лицензиядан айырылуға соқтырады

28/04/2016

«Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-нің 07.08.2015 жылғы қаулысымен құқық бұзушы «V. Engenering» ЖШС-не Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 312-бабы 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен 200 АЕК мөлшерінде, яғни 396400 теңге айыппұл салынған.

Алаяқтық жасағаны үшін сотталды

28/04/2016

Сотталушы А.У. 11.07.2014 жылы алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқырып, алдап, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену мақсатында, жәбірленуші М.С.-нің сотталғалы жатқан ұлы Т.Б.-ны «Араға заңды жақсы білетін таныстарымды саламын, соттан ақтап шығарып беремін» ‒ деп, сенімін теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде 1 765 000 теңге ақшасын жымқырып, иеленіп алған.

Бұзақылық жасағаны үшін сотталды

28/04/2016

Сотталушы Б.К. 27.01.2016 жылы Мақтаарал ауданы, Асықата кенті, Аль-Фараби көшесінде спирттік ішімдік ішкен мас халде, бұзақылық ниетпен, қоғамдық орында, жәбірленуші Б.С.-ға балағат сөздер айтып, оны ұрып-соққан, яғни қоғамдық тәртіпті азаматтарға күш қолдана отырып бұзған.

Отбасының тыныштығын бұзғаны үшін 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

28/04/2016

Түркістан қалалық сотында алкогольдік масаң күйде отбасының тыныштығын бұзған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Г.А. алкогольдік масаң күйде отбасы қатынастардағы С.О.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөздермен балағаттап, тұрғын үй ішінде отбасының тыныштығын бұзған.

Сот мамандарына арналған семинар сабағы өткізілді

28/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кеңсе меңгерушісі және сот мамандарының қатысуларымен «Төрелік» - ақпараттық жүйесін пайдалану» және  «Атқару-құжатын электронды түрде жолдау» тақырыбында семинар өтті.

Жеке айыптау бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

28/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 130-бабының 1-бөлігімен (жала жабу), 131-бабының 1-бөлігімен (қорлау) деректері бойынша айыпталып, сотқа берілген азаматша Н. кәсіби емес медиатордың қатысуымен медиация тәртібімен жеке айыптаушы азамат В.-мен татуласып, ымыраға келген.