Архив событий

12/04/2016

Айыппұл түріндегі жаза тағайындалды

12/04/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабымен сотталушы Т.- ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс бойынша анықталғаны, сотталушы Т. өзінің танысы жәбірленуші С.-ны бас араздық салдарынан ұрып-соғып, қасақана оның денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген.

Автокөлікті алкогольдік масаң халде басқарған

12/04/2016

24.03.2016 жылы Түркістан қалалық соты «ВАЗ-2106» маркалы автокөлігін Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы бойында алкогольдік масаң халде басқарып,  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қарады. 

Балағаттағаны үшін әкімшілік қамақ

12/04/2016

Кентау қалалық сотының 29.03.2016 жылғы қаулысымен құқықбұзушы М.И. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылды.

Шымкент қаласы әкімінің қаулысы заңсыз деп танылды

12/04/2016

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында талапкер П.А.-ның жауапкерлер Шымкент қаласы әкіміне, «Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-не Шымкент қаласы әкімінің 18.01.2016 жылғы №37 санды қаулысын заңсыз деп танып, жер учаскесін беру жайлы арызын негізінен қарауды міндеттеу туралы азаматтық іс қаралды.

Жер салығын төлемеген

12/04/2016

ОҚО Төлеби аудандық сотында өндіруші Төлеби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының борышкер М.О.-дан мемлекет пайдасына жер салығын өндіру туралы талап арызы қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, борышкер М.О. өзінің жеке меншігіндегі жер телімі үшін жер салығын уақтылы төлемеген.

Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды

12/04/2016

     Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін (Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын көлік құралдарын, жүктерді, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлікті бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтірген бұзушылығы) азамат Г.Е.

Кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық іс медиатордың қатысуымен тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

12/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған Д.-ның қылмыстық  ісі қаралды.

Сот үш дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдер бекітті

12/04/2016

Ордабасы аудандық сотына үш азаматтық іс бойынша талапкерлер жауапкерлерден қарыз сомасын өндіру талабымен жүгінген. Істі қарау барысында тараптарға дауды татуласу рәсімдерін жүргізу арқылы аяқтау құқықтары түсіндірілген.