Архив событий

11/04/2016

Аудандық сотта семинар өтті

11/04/2016

Бүгін Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін талқылау мақсатында семинар сабағы өтті.

Қарыз ақша өндірілді

11/04/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер Ж.-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Әкелікті анықтау

11/04/2016

ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында азаматша Ж.-ның Г.-ге қатысты әкелікті мойындау және кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

11/04/2016

ОҚО МАЭС-ның ұйғарымымен «Unitrans Servise» ЖШС-нің «Агрофирма Жана Ак Дала» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық ісі бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітіліп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сот ісін жүргізу барысында тараптар медиациялық келісімге келген, яғни 30 күн ішінде жауапкер талапкерге 4 251 600 теңге қарызын төлеуге міндеттенді.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілді

11/04/2016

Құқық бұзушы Т.Ф., Өзбекстан Республикасының азаматы бола тұра, Қазақстан Республикасына өтіп, 14.03.2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Ш.Ділдабеков ауылдық округі, Сайлау елді мекенінің Орталық көшесі бойымен келе жатып, қоғамдық орында, елді мекен тұрғындарына ыдыс-аяқтарды айырбастауды немесе сатып алуды ұсынып, мазалаған.

Құмар ойын ойнағанның салдары

11/04/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны А.Е. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 444-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 424 200 тенге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Меншік иесі заңсыз иеленген жер телімін қайтарып алды

11/04/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық сотына талапкер И.Ұ. жауапкерлер К.У.-ға А.Т.-ға, мүдделі тұлға «ЖерҒӨО» РМК ОҚФ Шымкент қалалық бөлімшесіне заңсыз иеленген жер телімді қайтаруды міндеттеу туралы талап арызымен жүгінген.

Сот талапкердің талап арызын қанағаттандырып, жауапкерлерге заңсыз иеленген жер телімдерін талапкерге қайтару міндеттелген.