Архив событий

29/04/2016

Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту

29/04/2016

Мемлекеттік  тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында Шымкент  қаласының  Еңбекші  аудандық  сотының  мәжіліс залында «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстелге Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық прокуратурасының, Республикалық, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Еңбекші аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.

Түркістан қалалық сотында партисипативтік келісім жасалды

29/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық сотында  адвокаттардың қатысуымен талап қоюшы Ж.Г.-нің  жауапкерлер  Н. Н.-ге, нотариус И.С.-ға  қойған үйді сатып алу-сату келісім шартын жарамсыз деп танып,  бірлескен ортақ меншік үйді бөлу туралы азаматтық іс бойынша партисипативтік келісім жасалды.

Дау медиация тәртібімен реттелді

29/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талап қоюшы М.В.-ның жауапкер М.В.-мен араларындағы некені бұзу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралған.

Азаматтық іс бітімгершілік келісім негізінде қысқартылды

29/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен талапкер «ТехноПлюс» Сауда компаниясы» ЖШС-нің «Казстройсервис» АҚ-на қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі бойынша бітімгершілік келісім бекітілді.

Ұрлық жасағаны үшін сотталды

29/04/2016

Қазығұрт аудандық сотында жәбірленушінің үйіне заңсыз кіріп, сейфті ломмен бұзып, ішінен ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап, жәбірленушіге жалпы 5 200 000 теңгелік материалдық залал келтірген сотталушы М.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзу

29/04/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 26.04.2016 жылғы қаулысымен құқық бұзушы С.М. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаупкершілік ретінде 31 815 тенге айыппұл салынды

«Әкімшілік хаттама толтыру мен оны қарайтын өкілетті органға жолдау тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел

29/04/2016

Сайрам аудандық сотында құқық қорғау мекемелерімен бірге және әкімшілік хаттама толтыруға құқығы бар мемлекеттік мекемелер, адвокаттар, ауданның медиаторлары және БАҚ өкілдері қатысуымен «Әкімшілік хаттама толтыру мен оны қарайтын өкілетті органға жолдау тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қоғамда медиацияны дамыту

29/04/2016

Бүгін  Шымкент  қаласының  Еңбекші  аудандық  сотының  медиация кабинетінде «Қоғамда медиацияны дамыту» тақырыбында  дөңгелек үстел   өткізілді.  Дөңгелек үстелге «Медиацияны дамыту орталығының» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік жетекші С.Әбдіқадырова, «Медиацияны дамыту орталығының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдік директоры И.Назарова, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьялары, Еңбекші аудандық прокуратурасының және БАҚ өкілдері қатысты.