Архив событий

06/04/2016

Есірткі затын заңсыз сақтаған

06/04/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен сотталушы Ж.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс өндірістен қысқартылды

06/04/2016

ОҚО Төле би аудандық соты А.А. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабы бойынша қозғалған жеке айыптау ісін қарады.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

06/04/2016

Арыс аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен Ж.С.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқық бұзушы Ж.С. 04.04.2016 жылы сағат 18:50 шамасында өз үйінде, алкогольдік масаң күйде жанжал шығарып, жұбайы А.З.-ны былапыт сөздермен балағаттап, оның тыныштығын бұзған.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталды

06/04/2016

Шардара аудандық соты азамат Т.-ны ұялы телефон арқылы жаман сөздермен балағаттап, ар-намысына тиетін былапыт сөздер айтып, қадір-қасиетін қорлаған сотталушы А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 131-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қарады.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындады.

Медиация кабинеті ашылды

06/04/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты Сарыағаш ауданы Абай ауылы әкімі аппаратымен бірлесіп, әкімдік ғимаратында медиация кабинетін ашты.

Сот кәмелетке толмаған баланы жасөспірімдер мен балаларға арналған мамандандырылған мекемеге жіберді

06/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, кәмелетке толмаған   16-жасар жасөспірімді Кентау қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған мекемесіне жіберу туралы азаматтық іс қаралды.