Архив событий

13/04/2016

Ерлі-зайыптылар сотта медиациясы тәртібімен татуласты

13/04/2016

Осы аптада Ордабасы аудандық сотында ерлі-зайыптылардың араларындағы тіркелген некені бұзу туралы екі азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшылар өздерінің талаптарында жауапкерлермен арадағы тіркелген некелерін бұзуды сұраған.

Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылды

13/04/2016

Шардара аудандық сотында Шардара аудандық пробация қызметі бөлімінің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 64-бабының 1-бөлігін қолданып, жазасын шартты түрде өтеуге сотталған К.-ны жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босату туралы ұсынысы қаралды.

Пара алғаны үшін жаза тағайындалды

13/04/2016

Ордабасы аудандық соты аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы К.О.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366-бабы 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қарады.

Іс-құжаттарына сай, сотталушы К.О. қызмет бабын пайдаланып, ЖШС-тің жұмысын уақытша тоқтату үшін арызданушы А.-дан пара ретінде 100 000 теңге алған.

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

13/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «SHEGEN» ЖШС-нің  «Қазалы-Құрылыс» ЖШС-не қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық ісі бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Арыс аудандық соты 2016 жылдың бірінші тоқсанын қорытындылады

13/04/2016

Бүгін Арыс аудандық сотында аудандық соттың 2016 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстарын қорытындылауға арналған баспасөз маслихаты өтті. Іс шарада Арыс аудандық сотының төрағасы А.Ертаев қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерді, соттың БАҚ құралдарымен жасаған жұмысы туралы баяндама жасады.

Балалармен кездесу тәртібі бойынша дау бітімгершілікпен аяқталды

13/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер К.-ның жауапкер Д.-ға балаларын көріп тұру уақытын анықтау туралы талап арызы бойынша  азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар бітімгершілік келісім бекітіп, ол туралы жазбаша түрде сотқа арыз келтірген.

Тараптардың бітімгершілік келісімге келуіне байланысты, сот аталған азаматтық іс қысқартылып, тараптардың бітімгершілік келісімі бекітілуге  жатады деп есептеген.