Архив событий

26/04/2016

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта дөңгелек үстел өтті

26/04/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы»   тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шетелдің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды

26/04/2016

ОҚО Отырар аудандық соты ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының екі азаматына қатысты әкімшілік істерді қарады.                                                                                                         Іс-құжаттарына сай, М.

Оңтүстік Қазақстан облысы соттарының қызметін үздік көрсеткен журналистік жұмыстарға К О Н К У Р С

26/04/2016

Жалпы ережелер мен конкурстың мақсаты:

 Сот жүйесінің күрделі  қызметін, судьялардың жеке басының қасиеттері мен кәсіби біліктілігін танытуда және сот ақпаратына қолжетімділікті арттыру аясында  бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) алар орны орасан.

Жұбайын балағаттағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

26/04/2016

Құқық бұзушы Б., 16.03.2016 жылы сағат 23.00 шамасында Мақтаарал ауданы, Жамбыл а/о, Кеңесшіл ауылы, Нәмиялі көшесі, №20 үйінде өзінің жұбайы жәбірленуші А.-ның ар-намысына тиіп, былапыт сөздермен балағаттап, отбасының шырқын бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

26/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «К.Ш.L.» ЖШС-нің «О.қ.с.»  ЖШС-не қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Медиатордың көмегімен татуласты

26/04/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен, құқық бұзушы Т.А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, кәсіби медиатордың көмегімен тараптардың өзара бітімгершілікке келуіне байланысты іс  өндірістен қысқартылды.