Архив событий

22/04/2016

Қазығұрт аудандық сотында «Сот және БАҚ» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті

22/04/2016

ОҚО Қазығұрт аудандық сотында «Сот және БАҚ» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде ОҚО бойынша соттар әкімшісінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қ.Дүйсенби, Қазығұрт аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  А.Омаров, Ұлы Отан соғысының ардагері И.Телікбаев, медиатор С.Райымбеков және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кездесті.

Ерлі-зайыптылардың келісімі сот медиациясымен бекітілді

22/04/2016

Талапкер А. жауапкер Б.-мен некесін бұзу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Істі сот талқылауына дайындау кезінде тараптарға дауды медиация келісімімен шешу құқықтары түсіндіріліп, нәтижесінде  тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат түскен.

Азаматтық қорғау қызметінің подполковнигі сотты құрметтеумеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

22/04/2016

Шардара аудандық сотының өндірісіндегі талапкер С.-ның жауапкер Т.-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі бойынша жауапкер Т. Шардара ауданының азаматтық қорғау бөлімінің подполковнигі бола тұра, соттың бірнеше рет шақыртуына қарамастан, келуден дәлелді себептерсіз жалтарып, сотты құрметтемеушілік білдірген.

Талап қанағаттандырусыз қалдырылды

22/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талапкер «Астана су арнасы» РМК ШЖҚ-ның жауапкер ЖК М..Ж.-ны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызы толығымен қанағаттандырусыз қалдырылған.