Азаматтық қорғау қызметінің подполковнигі сотты құрметтеумеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шардара аудандық сотының өндірісіндегі талапкер С.-ның жауапкер Т.-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі бойынша жауапкер Т. Шардара ауданының азаматтық қорғау бөлімінің подполковнигі бола тұра, соттың бірнеше рет шақыртуына қарамастан, келуден дәлелді себептерсіз жалтарып, сотты құрметтемеушілік білдірген.

Осыған байланысты, Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Сот отырысында құқық бұзушы Т. өзіне тағылған айыпты мойындап, келешекте мүндай іс-әрекетке жол бермейтінін айтып, кешірім жасауды сұрады.

Шардара аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Т. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, оған ескерту жасалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі