Архив событий

03/10/2016

Қылмыстық іс өндіріспен тоқтатылды

03/10/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық соты Т.-ға қатысты сотқа Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігімен берілген  қылмыстық іс қарады. 

Түркістан қалалық сотының судьялары сот жүйесінің ардагерін халықаралық қарттар күнімен құттықтады

03/10/2016

Халықаралық қарттар күніне орай, Түркістан қалалық сотының судьялары сот саласында ұзақ жылдар абыроймен қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан ардагер Р.Кадыровты құттықтады.

Сот залынан

03/10/2016

ОҚО сотының мамандандырылған ауданаралық сотының 04.02.2016 жылғы шешімімен талапкер Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Бәйдібек аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жауапкер «Алат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талабы толық қанағаттандырусыз қалдырылған.

Әкесін өлтірген

03/10/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 29.06.2016 жылғы үкімімен 1989 жылы туылған К.Д. қасақана адам өлтіргені үшін 10 жылға сотталды.

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында «Орындалмаған сот актілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

03/10/2016

      Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында «Орындалмаған сот аткілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы Ж. Балғанбеков, судьялар, аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы А. Аширбаев, жеке сот орындаушылар Е.Турлыбеков, Ғ.Елемесов және кеңсе маманы қатысты.

Есірткі затты заңсыз егіп өсірген

03/10/2016

28.08.2016 жылы Мақтаарал ауданының полиция қызметкерлері тарапынан  шұғыл іс-шаралар  жүргізу барысында сотталушы  С.К. Мақтаарал ауданы,  Ш.Ділдабеков ауылдық округіне қарасты «Көктөбе» елді мекені аумағында орналасқан жалпы орта мектебінің ауласының бір шетіне,  өсiруге тыйым салынған  құрамында есiрткi заттар бар «сора» өсімдігін  егіп - өсіргені анықталған.

«Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

03/10/2016

Арыс аудандық сотында аудандық және көлік прокуратурасының, ішкі істер бөлімінің, пробация қызметі бөлімінің қызметкерлерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.