Архив событий

07/10/2016

Тараптар медиация көмегімен татуласты

07/10/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық соты талапкер Б.Л.-ның жауапкер Б.С.-дан заңды некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматттық іс қарады.

Істі қарау барысында тараптардан медиация рәсімін жүргізу туралы өтініш түскен.

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды

07/10/2016

Созақ аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының       2-бөлігінің 1-тармағымен айыпталған Д.Б. мен К.Е-ның қылмыстық ісі ашық сот отырысында қаралды.

Дегенмен сотталушылар Д.Б. мен К.Е. медиация тәртібімен жәбірленушілермен татуласып, ымыраға келген.

Әйелін өлтірген қылмыскер

07/10/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өліміне байланысты 1967 жылы туылған Е.Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы Е.Н. спирттік ішімдік ішкен мас халде 2016 жылдың 1 тамыз күні сағат 19:30 шамасында өзінің әйелі Н.А.-мен жанжалдасып қалған.

Мас халде жол апатын жасаған

07/10/2016

Құқық бұзушы  П.З. 19.09.2016 жылы Қазақстан Республикасы  жол  қозғалысы  ережелерін бұза отырып, өзінің басқаруындағы «Мерседес» маркалы автокөлігімен,  Асықата кенті, Әл-Фараби, Қазыбек би көшелерінің  қиылысында, жәбірленуші  Р.А.-ның басқаруындағы «Ауди» маркалы автокөлігімен соқтығысып,  автокөліктің   егесіне  материалдық  зиян  келтірген.

Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген

07/10/2016

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы А.С. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жазаны түзеу колониясының  қатаң  режимінде  өтеу  белгіленген.