Архив событий

12/10/2016

Қоғамдық келісім орталығының сарапшысы семинар сабағын өткізді

12/10/2016

Бүгін Бәйдібек ауданы әкімдігіне қарасты Жастар сарайында орналасқан «Қоғамдық келісім» орталығының жанындағы Медиация кабинетінде аудандық сот басшылығының бастамасымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі жанындағы «Қоғамдық келісім» орталығының сарапшысы, облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы, кәсіпқой емес медиатор Х.Бациев семинар-сабағын өткізді.

Сот залынан

12/10/2016

Кентау қалалық сотының 04.10.2016 жылғы қаулысымен құқық бұзушы К. ҚР ӘҚБтК-нің   517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол осы бап бойынша ҚР шегінен әкімшілік жолымен шығарылды.

Екі жақ медиативтік келісімге келді

12/10/2016

 Сайрам аудандық соты ашық сот мәжілісінде талап қоюшы А.С.-ның жауапкер А.Ш.-ға некені бұзу және қыздың жасауын қайтару туралы азаматтық іс қаралды.

Сот барысында тараптар медиатордың көмегімен өзара келісіп, отбасын сақтап қалу үшін, өзара татуласып, талап қоюшы өз арызынан бас тартты. 

1 608 658 милион тенге қарыз ақша өндірілі

12/10/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2016 жылғы 25 тамыз шешімімен «Ырыс» микроқаржы ұйымы ЖШС-нің жауапкер жеке кәсіпкер «Ш»-дан берешек қарыз сомасын, сыйақысын және өсімпұлды өндіру туралы талап арызы толығымен қанағаттандырылып, жауапкерден ЖШС-ның пайдасына 1 608 658 тенге өндірілді

Қылмыстық іс тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланысты қысқартылды

12/10/2016

Сарыағаш аудандық соты Б.Р.-ға қатысты К.Б.-ның жекеше айыптау шағымы бойынша қозғалған қылмыстық іс қарады.

 Б.Р.  К.Б.-ның үйіне қарыз ақшаны қайтаруды талап ету үшін  барғанда, әйелі екеуі әдепсіз сөздермен қорлап, қолынан тартып денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген деп айыптаған.

Әкімшілік іс бойынша қамаққа алынды

12/10/2016

Ордабасы аудандық соты 11.10.2016 жылы ӘКБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған құқықбұзушы А.Е.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс материалдары бойынша, құқықбұзушы А.Е. көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, спирттік ішімдік ішкен масаң күйде «ВАЗ 21060» маркалы автокөлігін басқарған. 

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу медиация тәртібімен қысқартылды

12/10/2016

Созақ аудандық соты талапкер А.К.-ның жауапкер Қ.Б-дан қарыз ақша және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қарады.

Іс құжаттарына сәйкес талап арызберуші жауапкерден қарыз ақша және сот шығындарын өндіруді сұраған.