Архив событий

20/10/2016

Қарыз ақша өндірілді

20/10/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты талап қоюшы А.-ның жауапкер Ж.-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық іс қарады.

Сот отырысында анықталғандай, жауапкер талап қоюшыдан 100  000 теңге ақша алып, ол жөнінде талап қоюшыға жазбаша қолхат берген. Алайда, жауапкер белгілеген мерзімде қарызын қайтармаған.

Судья медиатор қарт әжені балалары мен немерелерімен татуластырды

20/10/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық соты талап қоюшы А.А.-ның жауапкерлер Б.К., Б.Н.-ны кәмелет жасқа толмаған балалары К.А., К.Б., К.С., К.С., К.М.-лардың мүддесі үшін  тұрғын үйден мәжбүрлеп шығару туралы азаматтық іс қарады.

Істі сотта қарау барысында тараптардан істі медиациялық тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту жөнінде арыз келіп түскен.

Аудандық сот төрағасы халықпен кездесу өткізді

20/10/2016

Бүгін Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы  Е. Рахманберді дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын қолдану аясын кеңейту мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық сот арасында қол қойылған «Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум» аясында №80 мектеп лицейінің мәжіліс залында Қаратау ауданының тұрғындарымен, аудан әкімдігінің қызметкерлерімен, ауыл билерімен, кәсіби және кәсіби емес медиаторлармен кездесу өткізді.