Архив событий

18/10/2016

Отбасылық жанжал татуласумен аяқталды

18/10/2016

Шардара аудандық соты Шардара қаласының тұрғыны азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қарады. Ол өз үйінде, мас халде, әйелімен жанжал шығарып, оны балағаттап, жаман сөздер айтып қорлаған.

Істі сотта қарау барысында аталған тұлғалардан медиация тәртібімен бітімгершілікке келгендері туралы арыз түскен.

Сарыағаш ауданында әкімшілік сот ісін жүргізудің оңтайландыру жобасы іске қосылды

18/10/2016

    Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік істер бойынша қаулылардың электронды нұсқасын сақтандыру компанияларына ұсыну мәселелеріне қатысты баспасөз мәжілісі өтті.

«Отбасы құндылықтарын дамыту, неке бұзудың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

18/10/2016

Арыс аудандық сотында азаматтық хал актілерін тіркеу органының, Арыс қалалық әкімдігінің, аудандық ішкі істер бөлімінің, аудандық прокуратура қызметкерлерінің, үкіметтік емес ұйымның, кәсіби емес медиаторлардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Отбасы құндылықтарын дамыту, неке бұзудың алдын-алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мал ұрлаушылар құрықталды

18/10/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты мал ұрлады деп күдікпен үш азаматтың бас шараларын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Тұлғалар 2016 жылдың маусым айы мен қазан айының аралығында құны 1 790 000 теңге болатын 14 ірі қараны қолды қылған деп күдіктелуде.

Әкімшілік іс бойынша айппұл салынды

18/10/2016

Ордабасы аудандық соты жол көлік оқиғасы бойынша әкімшілік іс қарады.

Іс материалдары бойынша құқықбұзушы К.А. Қазақстан Республикасы «Жол жүру ережесінің» 13.3. және 13.9 тармақшасын бұзып, қарсы бағытта келе жатқан К.Р.-ның басқаруындағы «Audi C4» автокөлігіне жол бермей соқтығысып, автокөлік иесіне материалдық залал келтіріген.