Архив событий

28/10/2016

ОҚО сотында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне бір жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті

28/10/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне қол қойылғанына 1 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті.

Бұзақылық жасап, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірген

28/10/2016

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Б.Т. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

ОҚО сотында тергеу судьясының жұмыс сапасын арттыруға бағытталған дөңгелек үстел өткізілді

28/10/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының ұйымдастыруымен «Қазақстан  Республикасының ҚПК-нің 106-бабына сай прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне  жасалған  шағымдарды  сотта  қарау  ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Заң талаптарын насихаттау мақсатында халықпен кездесу өткізілді

28/10/2016

Бүгін Бәйдібек аудандық сотының төрағасы  А.Бекназаров дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын қолдану аясын кеңейту мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық сот арасында қол қойылған «Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум» аясында Бөген ауыл округінің тұрғындарымен, ауыл әкімдігінің қызметкерлерімен, ауыл билерімен және кәсіби емес медиаторлармен кездесу өткізді.  

Көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айырылды

28/10/2016

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен  А.Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қарады.

9 қыркүйек 2016 жылы сағат 23:20 шамасында құқық бұзушы А.Н. Сарыағаш қаласы, Майлықожа көшесінде «Audi» маркалы көлікті мас күйінде жүргізген.

Алимент өндіру туралы сот бұйрығы шықты

28/10/2016

Абай аудандық сотына азаматша Ә. арызданып, борышкер Ш.-мен ортақ некеден бір бала бар екенін, борышкер бөлек тұратынын және өз еркімен көмек беруден бас тартқанын негізге алып, ортақ баланы күтіп-бағу үшін борышкерден өзінің пайдасына алимент өндіруді сұраған.

Сот арызданушының арызы негізінде Ә.-нің пайдасына ортақ баланы күтіп-бағу үшін борышкердің барлық табысының және өзге де кірісінің 1/4 бөлігі мөлшерінде ай сайын алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығарды.

Сот бұйрығы  заңды күшіне енген.