Архив событий

27/10/2016

Сот істі сот талқылауына дайындау барысында бітімгершілік келісімін бекітті

27/10/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық соты талапкер В.Л.-ның жауапкер Л.А.-ны тұрғын үйден шығару туралы азаматтық іс қарады.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар бітімгершілік келісімін  жасап, бітімгершілік келісім бойынша жауапкер Л.А. пәтерден 2016 жылдың 26 қазанына дейін өз еркімен шығуға міндеттелді. Аталған бітімгершілік келісім сотпен бекітілді және азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Бітімгершілік келісімі заңға қайшы келмейді және басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды.

Сот ұйғарымы заңды күшінге енген.

Сот залынан

27/10/2016

Кентау қалалық сотының 19.10.2016 жылғы қаулысымен әкімшілік іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

Іс-материалдары бойынша 2016 жылдың 15 қазан күні сағат шамамен 16: 00 шамасында құқық бұзушы Ж.  Кентау қаласы, Қажымұқан көшесі, № 15 үйде заңды некедегі әйелі Т.-ға былапыт сөйлеп, жаман сөздермен балағаттап, сыйламаушылық білдірген.

Мас халде жүргізу куәлігінен айырылды

27/10/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 10.03.2016 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны А.Г. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілік ретінде 3 жылға көлік құралынан айыру жазасы тағайындалды.

Тараптар медияциялық келісімге келді

27/10/2016

Арыс аудандық соты талап қоюшы К.З.-ның жауапкер Б.А.-дан 1 320 000 теңгені өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Сотта анықталғандай, жауапкер Б.А. талап қоюшы К.З.-дан 1 320 000 теңгені қарызға алып, екі айдың көлемінде қайтарып беруге міндеттенген, ол туралы жазбаша қолхат берген.

Абайсызда жәбірленушіге ірі мөлшерде материалдық залал келтірген

27/10/2016

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 204-бабының 1-бөлігімен айыпталған З.А. жәбірленушімен татуласып, қылмыспен келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, оған қатысты  қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.