Архив событий

13/10/2016

Оқушылар үшін «Ашық есік күні» өтті

13/10/2016

Бүгін Қаратау аудандық сотында Шымкент қаласы А.Навои атындағы №11 орта мектеп оқушыларының қатысуымен ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында аудандық соттың төрағасы Е.Рахманберді оқушыларға сот жүйесінің мақсаты, құрылымы және жүргізіліп жатқан реформалар мен жетістіктер  туралы баяндама жасап, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Шетелдіктің Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы

13/10/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 05.10.2016 жылғы қаулысымен Өзбекстан Республикасының азаматы Р.А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен айыпты деп танылып, ол Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілді.