Архив событий

10/10/2016

Аудандық сот төрағасы мен аудан әкімі халықпен кездесті

10/10/2016

Сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын қолдану аясын кеңейту мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық сот арасында қол қойылған «Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум» аясында ағымдағы жылдың 5 тамызында Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының төрағасы Н.Жамашев пен Еңбекші ауданының әкімі Ғ.Ілиясов «Жұлдыз» ауылдық округіне қарасты Қарабастау тұрғын алабының халқымен кездесті.

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сенбілік өткізілді

10/10/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б.Диханбаевтың бастауымен  2016 жылдың 8 қазанында  сот ғимаратының ауласында  тазалық жұмыстары жүргіліп, сенбілік өткізілді.

Сот ұжымы сот ғимаратының ауласындағы отырғызылған ағаштарды суарып, әктеп,  ғимарат айналасындағы  шөптер мен қоқыстарды тазалады.

Сенбілік өткізілді

10/10/2016

Түлкібас аудандық сотында сенбілік өткізілді.

Сот ұжымы сенбілік өткізіп, сот ғимаратының төңірегін ретке келтірді.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ел шегінен шығарылды

10/10/2016

Сайрам аудандық соты Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 2-бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік іс қарады.

Түркістан қалалық сотында сенбілік өткізілді

10/10/2016

08.10.2016 жылы Түркістан қалалық сотының ұжымы төрағасы міндетін атқарушының бастауымен сенбілік өткізді.

Сот ұжымы сот ғимаратының ауласындағы отырғызылған ағаштарды суарып, ғимарат айналасындағы  шөптер мен қоқыстарды тазалады.

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында сенбілік өткізілді

10/10/2016

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының ұсынысымен ағымдағы жылдың 8 қазанында Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлері сот ғимаратының ауласында тазалық жұмыстарын жүргізіп, сенбілік өткізді.