Архив событий

24/10/2016

Алаяқтық жасағаны және пара бергендері үшін сотталды

24/10/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 24 қазандағы үкімімен Қ.Ботабек адамды пара беруге азғырғаны, бөтен мүлікті ірі мөлшерде алаяқтық жолымен иемденгені, жәбірленушілерді мәміле жасауға мәжбүрлегені, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, лауазымды адамға пара бергені, сонымен қатар, А.Жапанов жәбірленушілерді мәміле жасауға мәжбүрлегені, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, лауазымды адамға пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды

24/10/2016

Кентау қалалық сотының 19.10.2016 жылғы қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің   434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол осы бап бойынша 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

24/10/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2016 жылдың 17 қазанындағы ұйғарымымен «Атакент» Мақтаарал аудандық ауруханасы»  МКҚК-ның  жауапкер «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-нан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Балағат сөз айтудың ақыры, сотқа моральды зиянды өтеу туралы арызбен жүгінуге негіз болды

24/10/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық соты талапкер О.Н.-ның жауапкер Ш.М-дан. келтірілген моральдық зиянды өтеу және кешірім сұрауға міндеттеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Терроризмге қарсы сақтау қауіпсіздігін қамтамассыз етпеген

24/10/2016

Шымкент  қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 29.02.2016 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Ш.А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК –нің     149-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілік ретінде 212 100 теңге айыппұл салынған. 

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында 2016 жылдың 9 айындағы жұмыстар қорытындыланды

24/10/2016

Ағымдағы жылдың 21 қазанында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында өткен 2016 жылғы 9 айдағы облыс соттарының жұмыстарын қорытындылауға арналған облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысына төраға Н.Шәріпов, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы З.Пірнияз, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Бекімбетов, облыстық соттың судьялары, ОҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен кеңсе меңгерушілері қатысты.

ОҚО сотында сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған Стратегиясының жобасы талқыланды

24/10/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Оқу орталығының ұйымдастыруымен облыстық соттың төрағасы, облыстық және аудандық (қалалық) соттардың судьялары, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшылары, жоғары оқу орындарының басшылары мен оқытушыларының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған Стратегиясының жобасын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.